380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Зеландияда су тасқыны тұрғындарды әуре-сарсаңға салды

  • 193
  • UPD: 09:48, 09.12.2019
Жаңа Зеландияда су тасқыны тұрғындарды әуре-сарсаңға салды

Жаңа Зеландияда су тасқыны жергілікті тұрғындар мен туристерді әбігерге салды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, табиғат апатынан мыңға жуық саяхатшы сапарынан қалды. Кейбіреулеріне көліктерінде түнеуге тура келді. Аймақта төпелеп жауған жауын-шашын өткен аптадан бері тоқтамай жатыр. Салдарынан кей өңірлерде лай көшкіні басталды. Өзендер де арнасынан тасып кеткен. Қазір бірнеше тас жол жабық. Ал мамандардың болжамы көңіл көншітпейді. Осыған орай жергілікті билік халықты үйлерінен шықпауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы