377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Африканың бірнеше елінде эбола дерті әлі де өршіп тұр

  • 200
  • UPD: 09:48, 09.12.2019
Африканың бірнеше елінде эбола дерті әлі де өршіп тұр

Жуырда осы ауруға қарсы вакцина шығаратын Johnson & Johnson компаниясы Руанда мемлекетіне  200 мың вакцина жіберетінін  хабарлады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, дертке шалдыққандардың көбі шекаралас Конго демократиялық Республикасына барып келгендер. Осыған орай Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары Конгодан таралған қауіпті вирус өзге елдерге де қатер төндіріп отыр деп дабыл қағып отыр. Ұйымның мәліметіне сәйкес, бүгінге дейін эболадан 2 мыңға жуық адам қаза тапты. Ал ауруды жұқтырғандардың саны еселеп артады.

Хабар 24 телеарнасы