378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Джонсон шекараны бақылауды күшейтуге ниетті

  • 262
  • UPD: 10:30, 09.12.2019
Б.Джонсон шекараны бақылауды күшейтуге ниетті

Британ премьер-министрі Борис Джонсон алдағы сайлауда жеңіске жетсе, шекараны бақылауды күшейтпек, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ол бұл туралы «Сандэй таймс» газетіне берген сұхбатында мәлім етті. Джонсон оған үш жаңа жұмысшы визасын енгізу арқылы қол жеткізбек. Оның алғашқысы ғылым, мәдениет және кәсіпкерлік саласында айырықша жетістікке жеткендерге берілсе, екіншісі жоғары дәрежелі мамандарға ғана табысталмақ. Ал үшінші санатқа біліктілігі төмен жұмысшылар кіреді. «Бұл шара елге ағылған еңбек мигранттарының санын азайтады», – дейді ол. Айта кетейік, Ұлыбританияда желтоқсанның 12-сі күні парламенттік сайлау өтеді.

Хабар 24 телеарнасы