377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тұрғындарынан гөрі туристер көп қалалар анықталды

  • 243
  • UPD: 16:31, 09.12.2019
Тұрғындарынан гөрі туристер көп қалалар анықталды

Америкалық ESTA визалық жүйесі туристер саны жергілікті тұрғындардан көп әлем қалаларының рейтингін жасады.

Майамиде туристер саны жергілікті тұрғындар санынан 16 есе көп.

Ең қонақжай қалалар ретінде Американың Майами және Лас Вегас қалалары анықталды (100 тұрғынға 1641 және 993 туристен келеді).

Одан кейінгі орында Дубай тұр (100 жергілікті тұрғынға 558 турист).

Төртінші және бесінші орынға шотландиялық Эдинбург (100 жергілікті тұрғынға 445 турист) және ирландиялық Дублин (100 азаматқа 427 турист) орналасқан.

Ондыққа Гонконг, Сан-Франциско, Вена, Сингапур және Вашингтон кіреді.

Осыған дейін 2019 жылы туристер жиі барған әлем қалаларының тізімін жариялаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы