423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нью-Делидегі фабрика тағы өртенді

  • 501
  • UPD: 08:38, 10.12.2019
Нью-Делидегі фабрика тағы өртенді

Үндістан астанасындағы фабрикада тағы да өрт шықты. Құрбандар жайлы мәлімет жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, жағдай бақылауға алынды.

Естеріңізге салсақ, 8 желтоқсанда дәл осы фабрика өртенген болатын. Салдарынан 43 адам көз жұмып, тағы 16-сы жараланған. Марқұмдар мен жапа шеккендердің барлығы  кәсіпорында түнеген оның қызметкерлері болып шықты. Оттың нақты неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Оқиғаға қатысты фабрика иесі қамауға алынды. Өйткені кәсіпорынның тиісті лицензиясы болмаған. Оның үстіне ғимарат өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмеген.

Хабар 24 телеарнасы