378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Амазон өзені аймағындағы өрт әлемдік экономикаға қауіп төндірді

  • 211
  • UPD: 14:01, 10.12.2019

Амазон өзені аймағындағы орман өрттері әлемдік экономикаға жаңа қауіп төндіре бастады. Бұл жолы ғалымдар өрттен мұздықтар ери бастайды деп алаңдаушылық білдіріп жатыр. Жағдай аймақтағы ауызсу қорының азаюына қалай әсер етуі мүмкін?

Амазон өзені төңірегіндегі орман өрттері мұздықтардың еруіне себеп болуы мүмкін. Өңірде желдің бағытын зерттеген ғалымдар осылай дейді. Себебі бұдан шыққан түтін әлемдегі ең ұзын Анд тауларына жетіп, мыңжылдық мұздықтарға әсер ете бастаған.

Карлос Арагон, Green Climate Fund ұйымының атқарушы директоры:

- Біз Грендландияда дәл осындай жағдайды бақылап отырмыз. Ондағы мұздықтар Канададағы орман өрттерінен еріп жатыр. Ал Анд тауларындағы мұздықтар осындағы өзендер үшін маңызды. Оларды ластанудан қорғау қажет. 

Түтін Боливия астанасы Ла-Пасқа жақын орналасқан Зонго мұздығына жеткен. Ғалымдар оны 16 жыл зерттеді. Мамандар қар мен мұздың сынамаларын алып, Андтың бұл бөлігінде қанша күл шөгіп қалғанын тексерді. Болжам көңіл көншітпейді.

Лаура Талиане, эколог:

- Егер орманның өртенуі тоқтамаса бірнеше айдан кейін мұздықтардың еруі басталуы мүмкін. Бірақ біз олардың қашан болатынын нақты айта алмаймыз. Бұл тұста желдің бағытын болжай алатын мамандардың пікірін тыңдау қажет

Ал зерттеулерге қарағанда орман өрттерінен Зонгоның еруі 13 процентке артады екен. Ғалымдар мұның апатты жағдай екенін айтады.

Авторлары: Анна Орлова, Герберт Рейз

Хабар 24 телеарнасы