378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстан елімізге ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын арттыруға ниетті

  • 183
  • UPD: 14:54, 10.12.2019

Қырғызстан фермерлері Қазақстанға экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің мөлшерін арттыруға ниетті. Бұл негізінен сүт, ет, жеміс пен көкөніс. Қазақстан тұтынушылары арасында аталмыш өнімдерге сұраныс артып келеді, бірақ сапасына да қойылатын талаптар күшейе түсті.

Қазақстан қырғызстандық ет пен сүт үшін басты экспорттық нарық. Өткен жылы көрші елден 20 мың тонна сүт өнімі жеткізілді. Ал ет пен еттен дайындалған тағамдар 587 мың долларға сатылды. Былтыр Қазақстан жағынан өнімдер сапасына еш шағым түскен жоқ. Дегенмен, Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігі бұл табысқа масаттануға негіз жоқ дейді.

Марсбек Уулу Илич, Қырғызстан ауыл шаруашылық министрлігі өсімдіктер департаментінің директоры: 

- Қазақстан жағынан шағым тіркелген жоқ. Бірақ өткен жылы және осы жылдың басында кәсіпкерлеріміз рұқсат қағаздарынсыз өз өнімімен көрші ел аумағына баратыны туралы хабарлаған болатын. Яғни олар да бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. 

Қазақстанда 2020 жылы сүт сапасына талаптарды қатайтатын Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенті күшіне енеді. Қырғызстанда бұл шара осыдан екі жыл бұрын қабылданған болатын. Алайда Қазақстанға жеткізілетін сүт мөлшерін ескерсек, жаңа шарттар жергілікті өндірушілерге де әсер ететіні анық. Сол себептен ауыл шаруашылық министрлігі бұл шараға алдын-ала дайындала бастады.  

Атамбек Ботоев, Қырғызстан ауыл шаруашылық министрлігі азық-түлік пен өңдеу өнеркәсібі бөлімінің меңгерушісі: 

- Жергілікті сүт өндірушілер, сүт өңдейтін кәсіпорындар мен фермерлік шаруашылықтардың барлығына талаптардың жақын арада өзгеретіні туралы хат жіберілді. Желтоқсан айының соңында олардың барлығын жинап, жаңа ережелерге дайындық барысын білеміз. 

Тағы бір жеке мәселе картоп экспорты болып отыр. Өткен жылы Қазақстанда көкөністің осыншама көп мөлшеріне сұраныс болмағандықтан шаруалар мол шыққан егіннің барлығын сата алған жоқ. Сол себептен ауыл шаруашылығы министрлігі фермерлерге биыл картоп егісінің ауданын қысқартуға нұсқау берді. 

Авторы: Бакыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы