Радарлардан жоғалып кеткен чилилік ұшақ апатқа ұшыраған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Елдің әскери-әуе күштері осындай мәлімдеме жасады. Оның бортында 38 адам отырған. Әуе кемесі Чилидің Пунта-Аренас қаласындағы әскери базадан Антарктикаға бет алған. Алайда, көкке көтерілгеннен кейін бір жарым сағаттан соң экипажбен байланыс үзілген. Ұшақ сынықтары әлі табылған жоқ. Іздестіру операциясын Чили президенті мен елдің қорғаныс министрі бақылып отыр.