Сауд Арабиясының үкіметі 2020 жылға арналған бюджет жобасын бекітті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Құжатқа сәйкес мемлекет шығыны шамамен 272 млрд доллар болса, кірісі 222 млрд доллардан сәл асады. Осылайша, бюджет тапшылығы 49,8 млрд долларды құрап отыр. Болжам бойынша алдағы жылы қазынадан кететін шығын 2019 жылмен салыстырғанда 7,8%-ке қысқартылмақ. Ал, инфляция деңгейін ескере отырып, елдің жалпы ішкі өнімінің көрсеткіші 2,3%-ін құрайтын болады.