376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тоғыз жасар вундеркинд университетті тастап кетті

  • 242
  • UPD: 14:37, 11.12.2019
Тоғыз жасар вундеркинд университетті тастап кетті

Тоғыз жасар Эйндховен техникалық университетінің студенті, бельгиялық Лоран Симонс ЖОО дипломын алуға аз қалғанда оқуын тастап кетті.

Оған университет басшылығымен арадағы түсініспеушілектер себеп болған, деп жазды Интерфакс-Россия.

Лоран Бельгияның Остенд қаласында дүниеге келген. Алты жасында орта мектепке түсіп, бір жылдан кейін Амстердам университетінің медициналық орталығында жұмыс істей бастады. Сегіз жасында ол математика ғылымдары мамандығы бойынша орта білім туралы диплом алды.

2019 жылдың наурызында тоғыз жасар Лоран Эйндховен университетінің электротехника факультетіне түсіп, бакалаврлық жұмысын үш жылдың орнына алты айдың ішінде жазып шыққан.

Бакалавр дипломын қорғау 26 желтоқсанға жоспарланған. Алайда университет басшылығымен арадағы түсініспеушіліктерге байланысты оқуды тастап кетті.

Айта кетсек, қазақстандық Абзал Мырзаш 15 жасында университет бітіреді. Қазақ-Британ техникалық университетінің ІІІ курс студенті 14 жасар Абзал Мырзаш келер жылы бакалавр деңгейін алады.

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы