420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Гренландия 20 жыл бұрынғыға қарағанда жеті есе тез еруде

  • 644
  • UPD: 14:28, 11.12.2019
Гренландия 20 жыл бұрынғыға қарағанда жеті есе тез еруде

1992 жылдан 2018 жылға дейін Гренландия мұзының еру жылдамдығы жеті есеге өсті.

XXI ғасырдың соңында аралдағы еріген су Дүниежүзілік мұхит деңгейін 7 сантиметрге көтеруі мүмкін, деп хабарлады Nature.

Гренландиядағы мұздың еру жылдамдығын анықтау үшін 50 халықаралық ұйымның 89 ғалымы соңғы 30 жылдағы спутниктік суреттерді талдап, аралдың жағалау сызығындағы өзгерістерді салыстырды.

Осылайша олар 1992 жылдан бастап Гренландияда 3,8 триллион тонна мұз жойылғанын, бұл теңіз деңгейінің 10,6 мм көтерілуіне сәйкес келетінін анықтады.      

Айта кету керек, зерттеушілер Гренландияның тез еруінің себебін зерттемеген. Алайда бұл жаһандық жылынуға байланысты Арктика мұзының жойылуына қатысты болуы мүмкін. Соңғы онжылдықта аймақтың орташа температурасы 0,75 градусқа көтерілген.

Аударған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы