426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореядағы көрмеде келешек дәуірдің технологиясы таныстырылды

  • 672
  • UPD: 14:34, 11.12.2019
Оңтүстік Кореядағы көрмеде келешек дәуірдің технологиясы таныстырылды

Корея республикасының жер, инфрақұрылым және көлік министрлігінің мұражайында ерекше көрме өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ұйымдастырушылар заманауи озық технологияларды паш етті. Жұртшылыққа пилотсыз көліктер, пульс, дене қызуы мен өзге көрсеткіштерге қарай адам денсаулығын тексере алатын құралдар көрсетілді. Жалпы бұл музейдің ашылғанына 12 жыл өтті. Қонақтар бұнда елдегі жолдардың даму тарихымен де таныса алады. Жаңа технологиялардың көмегімен ескі Сеулді көріп, қаланың негізгі кешендері қалай салынғанын көруге болады.

Чон Ый Гён, Корея республикасы жер, инфрақұрылым мен көлік министрлігінің департамент директоры:

- IT және жасанды шынайылық технологияларының көмегімен қалалардағы түйінді мәселелерді қалай шешуге болатынын көрсеттік. Алдағы уақытты мұражайымызды тәжірибелік алаңға айналдыруды көздеп отырмыз. Корея республикасының тарихын, қазіргісі мен болашағын кейінгі ұрпағымыз бен шетелдік қонақтар білсе екен дейміз.

Хабар 24 телеарнасы