432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде шарап жасау факультеті бар

  • 651
  • UPD: 11:33, 12.12.2019

Израильдің Ариэль қаласындағы университет – осы елдегі ең жас әрі тез дамып келе жатқан орынының бірі, деп хабарлайды «Хабар 24»

1982 жылы құрылған университет ғылыми зерттеулер бойынша танымал оқу орындарымен бірдей деңгейде. Мұнда тіпті, шарап жасау бойынша факультет бар. 

Ариэльдегі университет – кешенді оқу орны. Ол тіпті, кей көрсеткіштер бойынша тарихи әрі кеңінен танымал оқу орындарының алдына түсті. Жаңа ғимараттар, зертханалар мен жатақханалар бірінен кейін бірі салынып, қолданысқа беріліп жатыр. Мұнда тіпті, Таяу Шығыстағы жалғыз электрондар үдеткіші бар.

Максим Хорошевич, зертханашы:

– Электрондарды үдете отырып біз энергия аламыз. Бұл – қуаттандырғыш. Мысалы, тікұшақ осымен көкте қалықтап тұра алады.

Университетте жақында медицина факультеті ашылды. Егер Израильде дәрігерлердің жетіспеушілігін ескерсек, оның қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Тіпті, университет ішінде өзінің шарап жасап шығаратын өндірісі бар.

Эльяшив Дрори, Ариэль университетінің шарап жасау бойынша зерттеу орталығының меңгерушісі:

– Мұнда жасалатын шараптар 5 тексеруден өтеді. Біз жүзімді жинаудан дайын өнім шығарғанға дейінгі жұмыстар бойынша көптеген сараптама жүргіземіз.

Университеттің шарап шығаратын өндірісі шағын. Мұнда жылына әр сұрыптың ондаған данасы ғана дайындалады. Басты назар зерттеулерге аударылады. Оқу орынында онымен жеке бір кафедра айналысады. Ал зерттеулердің бәрі журналдар мен ғаламторда жарияланып тұрады.

Ицхак Шай, Ариэль университетінің профессоры:

– Қазір жүзімді жыл бойы өсіріп сақтауға болады. Біздің ата-бабамызда мұндай мүмкіндік болмаған. Олар өнімді жинаған соң 2 айдай ғана сақтай алатын. Содан кейін жүзімді кептіріп, мейіз, шарап жасаған. Қазба жұмыстар бұл технологиялар біздің дәуірімізден бұрын қолданылғанын көрсетеді. 

Палестина аумағында орналасқан университетте дәріс оқығысы келетін шетелдік мұғалімдер көп. Ал оқу орнының ғалымдары қатерлі ісікке қарсы вакцина шығаруға жақын қалған.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы