376,74 415,79 5,93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та 36 жыл бұрын жіберілген бөтелкедегі хат табылды

  • 356
  • UPD: 11:47, 12.12.2019
АҚШ-та 36 жыл бұрын жіберілген бөтелкедегі хат табылды

АҚШ-та 36 жыл бұрын жіберілген ішінде хаты бар бөтелке табылды. Бұл туралы Bangor Daily News хабарлады.

Америкалық Джошуа Мендес Массачусетс штатындағы Кейп-Сод жағажайында құмға көмілген шыны бөтелкені тауып алды. Онда Джонспорт қаласындағы пошта жәшігінің мекен-жайы мен «Өтінемін, маған жазыңызшы» деген сөздер жазылған.

Хат 11 жасар Дженни Браунға 1983 жылы 14 мамырда Джонспорт қаласынан жолданғаны айтылған.

Хат туралы әлеуметтік желілерде хабарлама тарағаннан кейін Дженни Браунның әпкесі Дженнидің әлі де Джонспортта тұратынын растаған.

Хабар 24 телеарнасы