375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Зеландияда жанартаудың атқылауынан қаза тапқандар саны артты

  • 236
  • UPD: 12:24, 12.12.2019
Жаңа Зеландияда жанартаудың атқылауынан қаза тапқандар саны артты

Жаңа Зеландияның Уайт-Айленда аралындағы жанартаудың атқылауынан қаза тапқандар саны 8-ге жетті, деп хабарлайды «Хабар 24»

Табиғи апат кезінде жарақат алған 2 адам ауруханада көз жұмды. Тағы 8 тұрғын жоғалып, табылмай жатыр. Ал күйік шалып ауруханаға жеткізілген 20 адамның кейбірінің халі мүшкіл. Еске сала кетейік, Уайт-Айленд аралындағы жанартау өткен дүйсенбі күні атқылаған. Табиғи апат кезінде оның маңайында 50-ге жуық адам болған. Себебі, бұл жанартау саяхатшылардың көп қатынайтын туристік орындардың бірі.

Хабар 24 телеарнасы