430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келер жылдан бастап Әзербайжанда МӘМС жүйесі іске қосылады

  • 497
  • UPD: 14:52, 12.12.2019

Келесі жылдан бастап Әзербайжанда міндетті медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Біртіндеп осы жүйе елдің барлық аймағын қамтиды.

Әзербайжанның үш қаласында міндетті медициналық сақтандыру жүйесі үш жыл бойы сынақтан өтті. Ал келесі жылы ол елдің бүкіл аумағында қолданысқа енеді. Осыған байланысты Парламент тиісті заңға өзгертулер енгізді.

Шюкур Эйвазов, міндетті медициналық сақтандыру агенттігінің бөлім меңгерушісі:

– Бұл жоба біртіндеп жүзеге асады. 1 қаңтардан 1 сәуірге дейін солтүстіктегі 20 ауданға тарайды. Бұл кезеңде міндетті медициналық сақтандыру 1 миллион 900 мың адамды қамтиды. 1 сәуірден 1 шілдеге дейін бұл іс батыс аймақтарда басталып, 2 миллионнан аса адамға қатысты болады. Содан кейін оңтүстік аймақ, ал соңында Баку мен Абшерон ауданына жетеді.

Сақтандыру қорына жарна жалақыдан ұсталып тұрады. Мемлекеттік мекемелер мен мұнай саласының қызметкерлері 2 пайыз, ал қалғандары 1 пайыз төлейді.

Шюкур Эйвазов, міндетті медициналық сақтандыру агенттігінің бөлім меңгерушісі:

– Медициналық сақтандыру шығындарының басым бөлігін мемлекет қаржыландырады. Келесі жылғы бюджетте бұл мақсатқа 900 миллион манат бөлінді. 18 жасқа жетпеген азаматтар, 23 жасқа дейінгі студенттер, мүгедектер мен аяғы ауыр әйелдер медициналық сақтандыру жарналарынан босатылады. Олар үшін мемлекет төлейді.

Бүкіл ел аумағында 3 мыңнан астам медициналық мекеме бар. Бұл жүйе бойынша тұрғындарды амбулаториялар мен ауруханаларда емдеу және жедел дәрігерлік көмек беру қарастырылған. Сондай-ақ, жүйеге қатысушыларға тегін операциялар жасалады. Ал диабет пен онкологиялық аурулар бұл тізімге кірген жоқ. Болашақта міндетті медициналық сақтандыру бойынша көрсетілетін қызметтер санын арттыру жоспарда бар.

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы