379,75 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Корея арзан мұнай дәуірінде қуат көздеріне тәуелділікті жеңуді көздейді

  • 233
  • UPD: 09:12, 13.12.2019

Оңтүстік Кореяның мұнай компаниялары шетелдегі жоғары сапалы активтерге инвестиция салуы керек.

Мұндай ұсыныс Сеулде энергетика және минералды ресурстарды дамыту жөніндегі симпозиумда айтылды. Осы ретте Корея газ бірлестігінің басшысы Чхе Хи Бонг мұнайдың төмен бағасы дәуірінде инвестициялау мен интеллектуалды технологияларды дамытудың өзектілігін атап өтті. Оның пікірінше, бүкіл әлем таза энергияны пайдалануға көшкен кезде табиғи газға стратегиялық ресурс ретінде сұраныс өскен. Энергетика министрлігінің өкілдері мұнай саласын цифрландыруға көшіру қажеттігін айтады. Ал ресми дерекке сүйенсек, Корея Республикасының мұнай компаниялары әлемнің 16 елінде 27 учаскеде көмірсутегі шикізатын барлау және өндірумен айналысады. Олардың үшеуі Қазақстанда орналасқан.  

Чу Ён Джун, Корея республикасы сауда, индустрия және энергетика министрінің орынбасары:

- Мемлекетіміз энергия ресурстарының тоқсан төрт пайызын импорттайды, сондықтан олар біз үшін өте маңызды. Шетелдік ресурстарды игеру арқылы біз энергетикалық дағдарысты жеңіп, ел ішіндегі тұрақтылықты нығайтып, жұмыс орындарын құра аламыз.

Хабар 24 телеарнасы