377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Иранның әуе және кеме компанияларына санкция салды

  • 207
  • UPD: 08:56, 13.12.2019
АҚШ Иранның әуе және кеме компанияларына санкция салды

АҚШ Иранның екі бірдей кеме қатынау және бір әуе компаниясына санкция салды. Мемлекеттік департамент мәлімдемесі бойынша, олар «жаппай қырып-жою қаруын таратқан».

Одан бөлек америкалықтар Ислам Республикасының тағы 8 ұйымын қара тізімге қосқан. Оларға жазалау шаралары «Иран қаруын контрабандалық жолмен Йеменге жеткізуге көмектескені» үшін қолданылған. Енді бұл компаниялар мен ұйымдардың АҚШ аумағындағы қаражаты және мүлкі тәркіленітін болады. Сонымен қоса олардың бизнес-серіктестеріне қатысты шектеу шаралары қолданылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, осыдан бұрын Иран сыртқы істер министрі Джавад Зариф Еуроодаққа қатысты өкпесін айтқан еді.

Хабар 24 телеарнасы