420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде әскерилер екі тоннадан астам кокаинды тәркіледі

  • 341
  • UPD: 09:00, 13.12.2019
Перуде әскерилер екі тоннадан астам кокаинды тәркіледі

Перу әскерилері елдің солтүстік жағалауында екі тоннадан аса кокаин тиелген сүңгуір қайықты қолға түсірді.

Су көлігінің Мексикаға бет алғаны анықталды. Арнайы операция барысында 4 экипаж мүшесі қамауға алынған. Барлығы да шетел азаматтары. Айта кеткен жөн, есірткі саудасымен айналысатын топтар өз тауарын тасымалдау үшін соңғы уақытта сүңгуір қайықтарды жиі қолданатын болған. Тыйым салынған затты жасыру үшін қаскөйлер кеме жасаушы инженерлерді жалдап жатады. Екі апта бұрын ғана Испания жағалауында сүңгуір қайыққа тиелген 3 тонна кокаин тәркіленген болатын.

Хабар 24 телеарнасы