411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әзербайжан шикізатқа тәуелсіз өндірісті дамытуға ықылас білдірді

  • 559
  • UPD: 14:19, 13.12.2019

Әзербайжанда ескі өндіріс орындарына жаңалары пайда болып жатыр. Бұл көп инвестицияны қажет ететін процесс. Сарапшылар сондай-ақ өнеркәсіптердің дамуы үшін инновацияларға байланысты екенін айтады. Әзербайжандағы индустрияландыру процесі қалай жүріп жатыр?

Қара алтын бағасының құбылмалы болуына байланысты Әзербайжан шикізаттық емес өндірістерді дамытуға ықылас танытты. Соңғы жылдары елде 5 өндірістік парк ашылған. Ондағы өнеркәсіптер өндіретін тауарлардың құны 900 миллион долларды құрайды. Егер инвесторлар тарапынан қолдау болса оның көлемі еселеп арта түседі - дейді сарапшылар.

Эльшад Мамедов, экономика бойынша сарапшы:

- Өндіріс көлемін арттыру үшін инвестицияны ұлғайту қажет. Себебі инновацияға сүйенген инвестиция ғана экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Қазір Әзербайжанның жалпы ішкі өнімінің 44 проценті өнеркәсіптік өндіріс еншісінде. Үкімет барлық аймақты өндірістік желімен байланыстыруға күш салып жатыр. Мысалы, Мингячевир өндірістік паркінде жасап шығарылған тоқыма өнімдері кілем жасайтын өндіріс ошақтарымен байланыстырылған. 

Эльшад Мамедов, экономика бойынша сарапшы:

- Біз қазір Әзербайжан экономикасы толығымен жұмыс істеп жатыр деп айта алмаймыз. Себебі модернизация тұрғысынан алып қарасақ отандық өнеркәсіп саласында әлі көп жұмыс жүргізу қажет.

Ал сарапшылар бұл үшін инвестициялық-инновациялық саясатты жүзеге асыру керектігін айтады. Өйткені ең маңыздысы өндірістік алаңдардың саны емес ішкі және сыртқы нарыққа шығарылатын өнімнің сапасы - дейді мамандар.  

Авторлары: Шафаг Алиева, Айгюн Гасан

Хабар 24 телеарнасы