423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пәкістанда бензин тасымалдаушы көлік автобуспен соқтығысты

  • 444
  • UPD: 16:05, 13.12.2019
Пәкістанда бензин тасымалдаушы көлік автобуспен соқтығысты

Пәкістанның батысында жанармай тасымалдаушы көлік апатқа ұшырап, салдарынан 15-тен аса адам қаза тапты, деп хабарлады ҚазАқпарат tribune.com-ға сілтеме жасап.

Пәкістанның батысындағы Белуджистан провинциясында жолаушылар автобусы мен жанармай тасымалдайтын көлік соқтығысып, салдарынан 15-тен аса адам көз жұмған. Бұл туралы жұма күні The Express Tribune газетінің электронды нұсқасында хабарланды.

Жергілікті биліктің мәліметі бойынша оқиға Килла-Сайфулла аймағына жақын жерде болған. Екі көліктің соқтығысуы кезінде жанармай тасымалдайтын көліктегі бензин өртенген. Екеуі де отқа оранған күйі жыраға түсіп кеткен.

Хабар 24 телеарнасы