425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-тың Қытай өнімдеріне салынатын баж салығы кейінге шегерілуі мүмкін

  • 474
  • UPD: 08:12, 14.12.2019
АҚШ-тың Қытай өнімдеріне салынатын баж салығы кейінге шегерілуі мүмкін

АҚШ билігі Қытаймен арадағы сауда соғысы бойынша келісімшарттың бірінші кезеңін мақұлдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Bloomberg агенттігі хабарлайды. Сөйтіп, америкалықтардың Аспан асты елінің өнімдеріне салынатын баж салығы кейінге шегерілуі мүмкін. Жоспар бойынша ол 15 желтоқсанда күшіне енуі тиіс еді. Әзірге Ақ үй өкілдері келісімшартқа қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Айта кеткен жөн, АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының жалғасып жатқанына бір жарым жылға жуықтап қалды. Салдарынан әлемдік экономиканың өсімі бәсеңдеген.

Хабар 24 телеарнасы