376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда тұрғын үйде жарылыс болып, 25 адам жарақат алды

  • 171
  • UPD: 13:32, 14.12.2019
Германияда тұрғын үйде жарылыс болып, 25 адам жарақат алды

Германияның Бланкенбург қаласындағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқиғадан бір адам жан тапсырды. Тағы 25 тұрғын түрлі деңгейде жарақат алған. Олардың арасында ауыр халде жатқандар да бар. Тергеу барысында ғимаратта газ балонынан басқа, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінен бері келе жатқан оқ-дәрілер сақталғаны анықталды. Қауіпсіздік мақсатында құтқарушылар жақын маңда орналасқан балабақшадан барлық балаларды дереу эвакуациялауға кірісті. Мамандар жойқын жарылысқа нақты не себеп болғанын анықтау үшін тергеу ісін жалғастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы