378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та адам өлтіру фактісі бойынша 13 жастағы бала қамауға алынды

  • 206
  • UPD: 14:34, 14.12.2019
АҚШ-та адам өлтіру фактісі бойынша 13 жастағы бала қамауға алынды

 АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында адам өлтіру фактісі бойынша 13 жастағы бала қамауға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, күдікті Барнард колледжінің бірінші курс студентіне бірнеше рет пышақ сұғып өлтірген. Қанды оқиға жергілікті саябақта кешкі уақытта орын алды. Пышақпен қаруланған 3 қаскөй студентке шабуыл жасап, тонамақ болған. Ауыр жарақат алған марқұм ауруханада көз жұмды. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қолға түскен күдікті өзіне тағылған айыпты мойындады. Екінші күдікті тергеліп жатыр. Ал, үшіншісі іздеуде жүр.

Хабар 24 телеарнасы