«Узавтотранс Сервис» компаниясы Мәскеуге тұрақты түрде қатынайтын автобусты жолға шығарады.
Бұл туралы Өзбекстан көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Алғашқы рейс 19 желтоқсан күні біздің астанамыздың уақытымен 13:00-де аттанады.
«Өзбекстан Республикасының көлік министрлігі 19 желтоқсаннан бастап, «Ташкент - Москва - Ташкент» бағытында тұрақты түрде автобус қатынайтынын хабарлайды, — делінген хабарламада.
Алғашқы рейс Ташкент автовокзалынан аттанып, Мәскеуге 22 желтоқсанда жетіп, «Новоясеневская» автостанциясына аялдайды. Автобус билеті 900 мың сум ($95) тұрады. Рейс аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбіде қатынайды.
Аударған: Г.Абилова