432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданның бұрынғы президенті айыпты деп танылды

  • 347
  • UPD: 08:19, 15.12.2019
Суданның бұрынғы президенті айыпты деп танылды

Суданның бұрынғы президенті Омар аль-Башир жемқорлық жасағаны үшін айыпты деп танылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бастапқыда экс-басшы 10 жыл бас бостандығынан айырылған болатын, алайда кейін оның жасы ескеріліп жазасы 2 жылға жеңілдетілді. Айта кетейік, қазір Суданның бұрынғы президенті 75 жаста. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, оның барлық дүние-мүлкі тәркіленді. Жерқорлық фактісі бойынша қылмыстық  іс биылғы жаздан бастап қозғалып келеді. Белгілі болғандай, тергеу барысында президент сарайында 113 млн доллар қаражат тәркіленді.

 

Хабар 24 телеарнасы