432,62 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҰҰ Чили билігін адам құқығын бұзды деп айыптады

  • 578
  • UPD: 08:19, 15.12.2019
БҰҰ Чили билігін адам құқығын бұзды деп айыптады

БҰҰ Чили билігін аймақтағы ереуілдерді басу үшін халыққа күш көрсетті деп айыптап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ұйымның мәліметіне сәйкес, жаппай толқулар басталғалы бері өңірде 4 мыңнан астам адам жарақат алған. Оннан астамы мерт  болды. Естеріңізге салайық, елдегі жаппай ереуіл 14 қазанда басталған еді. Оған метро жолақысының қымбаттауы себеп болды. Кейін ереуіл соңы қақтығысқа ұласып, наразы жұрт сауда үйі мен автобустарды өртей бастады. Кейін Чили президенті қоғамдық көлік жолақысының қымбаттауын тоқтатқанмен толқулардың басылар түрі жоқ.

Хабар 24 телеарнасы