430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанның қаржы нарығы Корея инвесторларын қызықтырды

  • 808
  • UPD: 09:44, 15.12.2019

Сеулде Қазақстанның қаржы нарығының мүмкіндіктері таныстырылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Оңтүстік Кореядағы банктер мен несие ұйымдарының қатысуымен конференция өтті. Мамандар биыл 2018 жылмен салыстырғанда, елде қолма-қол жасалмайтын төлемдер саны жетпіс төрт пайызға артқанын атап өтті. Автокөлік сатылымы өсті. Кореядан Қазақстанға ақша аударымдарының саны да ұлғайған. Сарапшылар мұны Таңғы самал еліндегі қазақстандық мигранттар санының көбеюімен байланыстырады. Оңтүстік Кореяның екі қаржы институты Қазақстан нарығында сәтті жұмыс істейді. Осы факторлардың барлығы Оңтүстік Корея қаржыгерлерінің қазақ еліне деген қызығушылығын арттырды.

Со Джи Ён, Санмён университетінің профессоры:

– Қазақстанда 2015 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан корей банктерінің бірі өзінің карточкалық жүйесін енгізді. Тағы бір қаржы институты өткен жылдан бастап несиелік қызмет көрсетеді. Кореяда Қазақстан азаматтары және Қазақстанда корей компаниялары көп. Сұраныс пен пайда бар. Менің ойымша, болашақта елдің қаржы секторында кіріс бұдан да артуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы