424,85 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Грузия археологтары палеолит дәуіріне тиесілі бірегей жәдігерлерді тапты

  • 618
  • UPD: 10:24, 15.12.2019

Грузияның батысында табылған палеолит дәуіріндегі бірегей артефактілер Тбилисидің ұлттық мұражайына қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Мұндай қазба жұмыстары Грузияда 19 ғасырдан бері белсенді жүргізіліп келеді. Ал жақында археологтар мемлекеттік грант ұтып алған.

Грузияның археологтары осыдан екі жыл бұрын қазба жұмыстарын жалғастыру үшін ұлттық зерттеу қорының грантын ұтып алды. Өйткені мамандардың осыған дейін жүргізген еңбектерінің нәтижесі көпті қызықтырған болатын.

Николоз Цикаридзе, Грузия ұлттық мұражайының аға ғылыми қызметкері:

– Бізге неандерталдықтардың Еуропадан шыққаны белгілі. Бірақ оған дейін олардың басқа түрі  яғни, гейдельберг адамы болды. Олар Евразия мен Африкада мекендеген. Африкада олардан хомо сапиенс, ал Еуропада неандерталдықтар тарады. Неандерталдықтар шамамен 450 мың жыл бұрын пайда болды. Ол кезде хомо сапиенстер Еуразияға қарай таралып, неандерталдықтарды ығыстыра бастады.

Экспедициялық топ қазба жұмыстары барысында палеолит дәуіріндегі артефактілерді де тапты. Мысалы, табылған 50 мың жыл бұрынғы неандертальдің тісі мен сол заманғы жануарлардың сүйектері мамандардың таңдайын қақтырды.

Николоз Цикаридзе, Грузия ұлттық мұражайының аға ғылыми қызметкері:

– Неандерталдықтардың оңтүстік Кавказға қалай жеткенін анықтап білгіміз келеді. Бұған нақты не себеп болғанын табу керек. Өйткені қолда бар деректерге сай, олар ақыл иесі бар адамдармен кездеспеген болатын.

Археологтардың айтуынша, бұл сұрақтардың жауабын табу үшін Грузиядағы бірнеше үңгірді зерттеу керек. Ал әзірше экспедиция барысында табылған барлық зат Ұлттық мұражайда жинақталды.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы