376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда әлемнің ең сұлу аруы анықталды  

  • 243
  • UPD: 14:00, 15.12.2019

Биылғы титулды 23 жастағы Тони-Энн Синг есімді Ямайканың  бойжеткені жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Ол халықаралық сұлулық байқауларында жеңіске жеткен осымен төртінші ямайкалық ару. «Әлем аруы» Американың Флорида штатында оқиды екен. Ән айтқанды ұнатады. Бірнеше музыкалық аспапта емін-еркін ойнап, балетпен де айналысады. Ал екінші орында француздық Офели Мезино, үшінші орынға Үндістаннан келген хас сұлу ие болды. Дауыс беруге барлығы 100 миллион адам, ал тікелей эфирді 140 елден 900 миллион көрермен тамашалады. Келер жылы Таиландта халықаралық байқаудың 70-мерейтойы өтпек.

Тони-Энн Сингх, «Әлем аруы – 2019» сұлулық байқауының жеңімпазы:

– Мен әлі сене алмай тұрмын. Ямайка жеңіске жетті деген мәлімдемені естіп, есеңгіреп қалдым. Шынында, өте қуаныштымын. Алдымен, мені қолдаған әрбір жанға алғыс айтамын. Содан кейін жеңісті тойлап, тәттілер жеуге болады деген сөз.

Хабар 24 телеарнасы