423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Виктория сарқырамасы құрғап барады

  • 785
  • UPD: 23:46, 15.12.2019
Виктория сарқырамасы құрғап барады comments.ua

Оңтүстік Африканың ең әдемі табиғат көріністерінің бірі – Виктория сарқырамасы толық кеуіп кетудің аз-ақ алдында тұр.

Соңғы жүзжылдықтағы аса күшті құрғақшылық салдарынан су ағыны бәсеңдеп, сарқырама жіңішкеріп қалған. Экологтар жаһандық жылыну табиғатқа үлкен залал тигізіп жатқанын айтып дабыл қақты.

Виктория Зимбабве мен Замбия арасында орналасқан. Жергілікті жұртшылықтың айтуынша, қанша құрғақшылық болса да, сарқырама дәл осындай деңгейге дейін кеуіп көрмеген екен.

Хабар 24 телеарнасы