419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде пилотсыз ұшатын құрылғылар кеңінен қолданыла бастады

  • 470
  • UPD: 13:50, 17.12.2019

Бұл елде дрондар құрылыс жүргізуге, көпір үстіндегі ақауды анықтауға, тіпті жолдағы қозғалысты реттеуге көмектеседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сергей Ауслендер, тілші:

- Көпірдегі көзге көрінбейтін шағын сызаттар немесе ақауларды қалай анықтауға болады. Оны биік кран немесе альпинистердің көмегімен тексере аламыз. Сондай-ақ шағын дрон ұшырсаңыз, ол лазер сканерімен көпір бетін мұқият зерттей алады. Израиль инженерлері осындай күрделі кешендерді дрондардың көмегімен бақылау әдісін ойлап тапқан. Бейнекамера немесе сенсор орнатылған осындай құрылғыны жалғыз адам басқарады. Ал деректер ұлттық жол копаниясының серверіне түсіп отырады. Тиісінше, мамандар оны өңдеп, тиісті шешім қабылдайды.

Эдуард Йосилевский, Израиль ұлттық жол компаниясының өкілі:

- Дрон уақытпен қатар құрал-жабдықты үнемдейді. Бұл тұста көпір астында не болып жатқанын көру үшін кран секілді күрделі құрылғылар қажет емес.

Дрондар енді құр ермек емес, инженерлік жұмысқа қажетті құралға айналды. Оларды құрылыста да қолдануға болады. Мысалға үлкен ауданды алып жатқан күрделі кешендер салу барысында қажет-ақ.

Никита Блещик, технология авторы:

Мысалға ауқымды инфрақұрылымы бар тау-кен комбинаттары немесе мұнай өңдейтін кәсіпорындарды алайық. Оларда жетуі қиын кейбір нысандар болуы мүмкін, оларды дрондардың көмегімен бақылауға болады.

Сонымен қатар пилотсыз ұшақтардың көмегімен кешендерді жобалауға, құрылыс барысын қадағалауға, тіпті жолдардағы қозғалысты реттеуге мүмкіндік бар. 

Гай Мадор, пилотсыз аппараттар компаниясының басқарушысы:

Жаңа аудандарды салғанда көлік инфрақұрылымын жиі ескермейді. Осындай жағдайда дрондар қажет болады. Олар аудандардан шығатын жолдарды әуеден түсіріп, кептеліс болатын орындарды анықтайды. Кейін осы жерде жол айырықтары салынады.

Дрондар кезіндегі смартфон секілді. Бұрын олар қымбат тұратын. Әрі сөйлесу құралы ғана болса, қазір күнделікті тұрмыста қолданылады. Израиль қалаларының әкімшіліктері пилотсыз ұшақтарды заңсыз құрылыстарды анықтау үшін де пайдаланады.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы