423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Молдовада мерекелік жарқырауық шам сататын дүкендер талапқа сай емес

  • 477
  • UPD: 11:35, 19.12.2019

Молдовада тұтынушылардың құқығын қорғау орталығының мамандары жаңажылдық жарқырағыш шамдарды сататын дүкендер мен жәрмеңкелерге тексеріс жүргізді. Нәтиже алаңдатады. Себебі олардың жартысынан көбі талаптарға сай емес. Кей тұрғындар осы материалдардың кесірінен ауруханаларға түскен.

Жылдың басты мерекесіне небәрі 10 шақты күн қалды. Кишинев көшелерінде де жаңажылдық сан алуан шамдар жарқырай жанып, көзді арбайды. Дегенмен мамандар мерекеде барынша абай болуға кеңес береді. Себебі, дәл осы жарқырағыш шамдардан қауіп көп. Қазіргі уақытқа дейін Молдовада 10 адам жарақат алып, ауруханаға түскен.

Пётр Молчану, тұтынушылар құқығын қорғау мен базарды бақылау агенттігінің аға инспекторы:

- Мерекелік көңіл күйді бұзбау үшін қауіпсіз шырша мен шамдар алу қажет. Әсіресе, шыршаларды безендіргіш жарықтарға абай болған жөн. Олар барлық талапқа сай болуы тиіс.

Мұндай безендіргіш шамдар көбіне көшелер мен жол асты өткелдерінде сатылады. Сатушылар олардың сапаларын дәлелдейтін құжатты қажет болған жағайда көрсетуі тиіс. Өйткені көбі тиісті талаптарға сай келе бермейді. Сондықтан оларды шама келгенше арнаулы дүкендерден алған дұрыс.

БЛИЦ:

1. Негізі сапалы заттарды сатып алу керек. Ол үшін ақшаны айяудың қажеті жоқ.

2. Нашар тауарлар елге қалай келді? Оларды кім жеткізді? Неге қадағаламайды? Олар бір жерден алынды емес пе? Әрине адамдар сапалы тауар алғысы келеді.  

Мереке кезінде отшашулардан жарақат алғандар тіптен көбейді. Сондықтан адамдар мұндай заттарды сатып алмас бұрын олардың қауіпсіздігіне көз жеткізіп алғаны жөн.

Авторлары: Ксения Михнева, Станислав Трифан

Хабар 24 телеарнасы