443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Адамдар бір реттік ыдыстарды осыдан үш мың жыл бұрын пайдаланған

  • 327
  • UPD: 12:12, 19.12.2019
Адамдар бір реттік ыдыстарды осыдан үш мың жыл бұрын пайдаланған

Грекиядағы Крит аралынан әлемдегі алғашқы бір реттік ыдыстар табылды, деп хабарлады The Guardian.

Ғалымдар Мино өркениеті дәуіріне жататын ыдыстарды тапты. Оларға шамамен үш мың жыл болған.

Ғалымдар табылған заттарды зерттей келе ежелгі заманда адамдар бұларды бір реттік ыдыс ретінде пайдаланған деген тұжырымға келді.

Бір рет қолданылатын ыдыстар ежелгі уақытта пайда болғанына адамдар қатты таңғалуы мүмкін. Минолықтар мерекелер ұйымдастырды және қазіргі адамдар сияқты ыдыс-аяқ жуғысы келмеді. Бұл ыдыстар қолдануға ыңғайлы ғана емес, сонымен бірге сол кезде байлықты көрсеткен», - деді экспозиция кураторы Джулия Фарли.

20 желтоқсанда тостағандар Британ мұражайында таныстырылады.

Хабар 24 телеарнасы