424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ташкентте салынып жатқан метродағы апаттан 5 адам қаза тапты

  • 435
  • UPD: 14:44, 19.12.2019

Өзбекстан астанасы Ташкентте салынып жатқан метрода апат болып, 5 адам көз жұмды. Оқиғаның орын алуына өңірде толассыз жауған жауын-шашын себеп.

Белгілі болғандай төпелеген жаңбыр салдарынан метроның бір бөлігі опырылып қалған. Апат орнына жеткен құтқарушылар күні бойы шұңқырларды судан тазартып, үйінділер астынан адамдарды шығарумен айналысты. Қазір оқиға орнында мамандар жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы