376,77 415,79 5,95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеудегі атыс кезінде бір адам көз жұмды

  • 241
  • UPD: 07:27, 20.12.2019
Мәскеудегі атыс кезінде бір адам көз жұмды

Мәскеудің қақ орталығында орналасқан Федералды Қауіпсіздік қызметінің ғимаратында белгісіз біреу оқ жаудырған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атыс кезінде бір қызметкер қаза тапты. Тағы 5 адам жарқаттаныпты, оның біреуі азаматтық тұлға. Кешірек, Лубянки аумағында әлгі қылмыскерді арнайы жасақ атып өлтірді. Бұзақы 39 жастағы Мәскеу тұрғыны болып шықты. Есімі – Евгений Манюров. Әлеуметтік желідегі ақпарға сай, Манюров Ресей заң академиясында білім алған. Сондай-ақ Жоғары экономика мектебінің лекцияларына қатысқан. Федералды Қауіпсіздік қызметі қайғылы оқиғаның теракт емес екенін мәлімдеді. Тергеу комитеті қылмыстық іс қозғады.

Айта кетейік, атыс Владимир Путиннің жылдық ауқымды баспасөз конференциясынан кейін болған. Ресей президенті Федералды Қауіпсіздік қызметі күніне орай Кремль сарайында мерекелік шарада болыпты.

Хабар 24 телеарнасы