Мысырда теміржол өткелінде пойыз бен автомобиль соқтығысып, жеті адам қаза болды. Бұл туралы Sada el Balad порталы хабарлады. Оқиға салдарынан кемінде төрт адам жарақат алды. Апат Каирдің солтүстігіндегі Дахалия провинциясында болған.