Австралия астанасы орналасқан Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орман өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл – елде табиғат апатына байланысты екінші рет енгізіліп отырған арнайы шара. Себебі, аймақта орман өрті қайта күшейген. Төтенше жағдай 7 күнге енгізілді. Оған сәйкес өрт сөндірушілер кей аудандарда жолдарды жауып, тұрғындарды эвакуациялау туралы шешім қабылдай алады.
Айта кетейік, Австралияда орман өрті жаз айының басынан жалғасып келеді. Тілсіз жау 1 миллион гектардан астам жерді күлге айналдырған. Жүздеген үй жанып кетті. Ел астанасы Сиднейді қайта-қайта түтін тұмшалап, халық көп зардап шегуде.