423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перудің солтүстігінде сел жүріп, көпір опырылып қалды

  • 636
  • UPD: 14:13, 20.12.2019
Перудің солтүстігінде сел жүріп, көпір опырылып қалды

Оған себеп Кахас өзенінің арнасынан тасуы болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лай араласқан су тасқыны көпір орналасқан аумақты басып қалады. Салдарынан тау бөктері дәл осы көпірге қарай құлайды.

Айта кетейік, соңғы бірнеше күн бойы Перуде толассыз жауын жауып жатыр. Елдің кейбір аудандарында қуатты сел жүріп, өркениеттен қалыс қалып отыр. Ондаған отбасы баспанасынан айырылған. Бүгінге дейін лай араласқан су тасқынынан жеті көпір қирап қалды.

Хабар 24 телеарнасы