418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Барселонада үкіметке қарсы ереуілдер қайта басталды

  • 332
  • UPD: 14:47, 20.12.2019
Барселонада үкіметке қарсы ереуілдер қайта басталды

Барселона көшелерінде қайта ереуіл, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы каталондық сепаратистер қамаудағы Каталонияның бұрынғы вице-министрі Ориол Жункерасты босатуды талап етіп отыр. Бұған дейін саясаткер Еуропарламент депутаты болып сайланған еді. Бірақ Мадридте көтеріліс ұйымдастырды деген айыппен тұтқында болғандықтан, лауазымына кірісе алмады. Депутаттық иммунитетіне қарамастан, Жункерас Еуропарламенттегі ант қабылдау рәсіміне қатыспаған. Каталондықтар осыған наразы.

Олардың айтуынша, Испания билігі еуропалық заң жүйесіне қарама-қайшы әрекет етіп отыр. Айта кетейік, қазан айында 2017-ші жылы Испаниядан Каталонияны бөліп алмақ болғаны үшін 9 саясаткерге қатысты сот үкімі шыққан болатын. Жункерас 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол кезде Испания үкіметіне қарсы елде жаппай ереуілдер өткен еді.

Хабар 24 телеарнасы