Америка Құрама Штаттары Мексикадан келген заңсыз мигранттарды еліне депортациялап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл шара Дональд Трамптың мигранттар санын азайтуға бағытталған қатаң саясаты бойынша ұйымдастырылып отыр. Жалпы 2019 жылдың екінші жартысында АҚШ-қа Орталық Америка елдерінен ағылған кірмелердің саны күрт азайды. Оған шекараға Ұлттық ұлан әскерінің тартылуы себеп болды. Естеріңізге салайық, Ақ үй басшысының ең маңызды сайлауалды уәделерінің бірі заңсыз мигранттармен күресу болып табылады.