428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карлес Пучдемон Еуроодақ депутаты атануы мүмкін

  • 294
  • UPD: 10:53, 22.12.2019
Карлес Пучдемон Еуроодақ депутаты атануы мүмкін

Каталонияның бұрынғы башысы Карлес Пучдемон мен осы аймақтың экс-министрі Тони Комин еуропарламенттің уақытша аккредитациясын алды.

Қос саясаткер еуропарламенттегі тұрақты депутаттық өкілдігіне рождестволық мерекеден кейін ие болуы мүмкін. Түрмеде отырған Каталонияның вице-президенті Ориол Жункерас та еуродепутат болып сайланды. Жақында Еуроодақ соты оның депутаттық иммунитетке ие болғанын мәлім етті. Бұл Пучдемон мен Коминнің де ісін тездетеді деген пікірде.

Еске сала кетейік, 2017 жылы Каталонияда егемендік туралы референдум өтіп, Испания билігі оны заңсыз деп тапты. Осыдан кейін аймақ басшысы Карлос Пучдемон Бельгияға бас сауғалады. 

Карлес Пучдемон, Каталонияның бұрынғы басшысы:

- Еуропаның сот билігі бізді биыл шілде айынан бастап еуродепутат болғанымызды мәлімдеді. Заңды сақтау керек. Енді Каталонияға барып жанұяммен қауышсам ба деген ойдамын.

Хабар 24 телеарнасы