426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Зеландия тұрғындарынан 60 мыңнан астам қару-жарақ алынды

  • 527
  • UPD: 12:31, 22.12.2019
Жаңа Зеландия тұрғындарынан 60 мыңнан астам қару-жарақ алынды

Жаңа Зеландияда қару-жараққа бақылауды қатаңдату бойынша шара аяқталып, тұрғындардан 60 мыңнан астам қару алынды.

Ал олардың иелеріне 67 жарым миллион доллар қаржы төленді. Бұл туралы осы елдің Полиция министрі Стюарт Нэш мәлімдеді. Енді билік жартылай автоматты және шабуылдаушы винтовкаларын өткізбеген азаматтар қылмыстық жауапқа тартылатынын ескертті. Айта кетейік, Жаңа Зеландияда биыл сәуір айында Крайстчерч мешітіне шабуылдан кейін аталған қарудың түрлерін иеленуге тыйым салынды. Ал жаз айында үкімет тұрғындарға қолындағы қаруларын тапсыруға 6 ай уақыт берген болатын.

Хабар 24 телеарнасы