381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та миллиондаған тұрғын медициналық сақтандырусыз қалуы мүмкін

  • 205
  • UPD: 20:38, 22.12.2019
АҚШ-та миллиондаған тұрғын медициналық сақтандырусыз қалуы мүмкін

АҚШ-та миллиондаған тұрғын медицианлық сақтандырусыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған президент Дональд Трамптың табысы төмен азаматтарға арналған қолжетімді медициналық қызметті алып тастамақ болған жоспары себеп. Өйткені Барак Обама кезінде қабылданған бағдарламалар бюджеттің ең үлкен шығынының бірі болып отыр. Ресми дерекке сүйенсек, «Обамакейр» және «Медикэй» әлеуметтік жобалары жүзеге асқанға дейін АҚШ-та 45 миллион адам осындай тұрғындардың қатарына жатқызылған.

Леонид Копейкин, сақтандыру компаниясының директоры:

– Қазір АҚШ-та табысы жылына 12 мың 180 доллардан аспайтын адам кедей қатарына жатады. Мұндай азаматтар «Медикэй» бағдарламасы бойынша тегін қызмет ала алады. Ал «Обамакэйр» тұрмысы төмен азаматтарға медициналық жеңілдіктерді қарастырады. Президент Трамп келгелі бұл заң бірнеше рет талқыланды. Егер әлгі жеңілдік жасалмаса, миллиондаған адам медициналық сақтандырусыз қалады.

Хабар 24 телеарнасы