435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде жаңа технологиялар көрмесі ашылды

  • 298
  • UPD: 09:24, 23.12.2019

Сеулде жаңа технологиялар көрмесі ашылып, әлемге танымал компаниялар өз жетістіктерін паш етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда жаяу жүргіншілерді қорғайтын құрылғыдан бастап жасанды интеллектісі бар камераларды көруге болады. Мысалы, ұялы телефон ұстаған жаяу жүргіншіні қорғауға арналған құрал дыбыстық ескерту жасайды. Жасанды интеллектісі бар камера болса кез келген қозғалысты үзбей бақылай алады. Ал тағы бір «ақылды» жүйе арқылы дауыспен бөлмедегі ауа температурасын, теледидарды және жарықты басқаруға болады. Көрмеде сиырдың денсаулығы туралы ақпарат беретін арнайы құрал да қойылған. Қазір оны Жапония, Бразилия, Германия сынды елдер қолдана бастаған.

Ю Дже Хун, компания менеджері:

- Сіз қонақ үйде тапсырыс бере аласыз, содан кейін робот оны орындайды. Мысалы, біз суға тапсырыс береміз, экранда қонақ үй қызметкері тапсырысты көреді, содан кейін робот лифтке кіріп, бөлмеге су әкеледі.

Ли Сын Хван, Капсулаларды өндіру компаниясы бөлімінің басшысы

- Қазір біз бұзауларға капсула жасауды қарастырып жатырмыз. Жақын арада қойға және басқа да жануарларға арналған осындай құрылғылар өндірісі басталады. Капсуланың құны шамамен жүз сексен долларды құрайды. Фермерлер өз қаражаттарына капсула сатып алады. Бірақ мемлекет қолдау көрсетіп отырғандықтан, құрылғылар үкіметтен бөлінген қаражатқа алып жүр.

Хабар 24 телеарнасы