420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та 69 көлік соқтығысты

  • 890
  • UPD: 11:13, 23.12.2019
АҚШ-та 69 көлік соқтығысты

АҚШ-тың Вирджиния штатында 69 көлік ірі апатқа ұшырады.

Апат салдарынан 50-ден астам адам зардап шекті, деп хабарлады iz.ru.

Оқиға Ричмонд қаласынан ондаған шақырым жерде орналасқан Квинс-Крик көпірінде болды. Көктайғақ пен тұман салдарынан көліктер бір-біріне тізбекпен соғылған.

51 адам жарақат алды, олардың 11-і ауыр халде жатыр. Зардап шеккендердің біразы Риверсайд аймақтық медициналық орталығына жіберілді.

Хабар 24 телеарнасы