418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропаны «Фабиан» дауылы әбігерге салды

  • 491
  • UPD: 12:12, 23.12.2019
Еуропаны «Фабиан» дауылы әбігерге салды

Жауын аралас жел салдарынан толқын күшейіп, Испанияның Галисия жағалауын су басып қалған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дауылдың жылдамдығы сағатына 170 шақырым. Билік өкілдері 6 адамның қаза тапқанын мәлімдеді. Сегіз мыңға жуық отбасы жарықсыз қалған. Ондаған әуе рейсі кейінге қалдырылды. Ал, Португалияда дауыл екі адамның өмірін жалмады. Теміржолдарды су басып, ағаштар тамырымен опырылып қалды. Лиссабон мен Порто арасындағы пойыз қозғалысы тоқтатылды. Су деңгейінің жоғарылауына байланысты 250 адам эвакуацияланды. Сондай-ақ «Фабиан» дауылы Францияның оңтүстік жағалауында тұрған. Ауа райы қолайсыздығынан өңірде он шақты тұрғын үй мен мемлекеттік ғимараттар қирап қалыпты.

Хабар 24 телеарнасы