419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ким Чен Ын әскерилермен жиын өткізді

  • 294
  • UPD: 12:30, 23.12.2019
Ким Чен Ын әскерилермен жиын өткізді

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын еңбек партиясы комитетінің әскерилерімен жиын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесудің басты тақырыбы – АҚШ тарапынан келетін қауіпке Корей Халық Демократиялық Республикасының қорғанысын нығайту. Бұған дейін Солтүстік Корея континент-аралық баллистикалық зымыран ұшыруға дайындық жүргізіп, америкалық тараппен дипломатиялық қарым-қатынасын үзетіні жайлы ақпар тараған еді. Бұл жиын осы мәліметті растағандай. Ресми Пхеньян Вашингтон келіссөздерді екіжақты серіктестікті реттеу үшін емес, өзінің ішкі саяси мәселелерін шешу үшін жүргізгенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы