422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кашмир аймағына жасалған шабуылдан үш бейбіт пәкістандық тұрғын қаза тапқан

  • 398
  • UPD: 12:35, 23.12.2019
Кашмир аймағына жасалған шабуылдан үш бейбіт пәкістандық тұрғын қаза тапқан

Пәкістан билігі Үндістан әскерилеріне айып тақты. Өйткені даулы саналатын Кашмир аймағына жасалған минометтік шабуыл салдарынан үш бейбіт пәкістандық тұрғын қаза тапқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ ондаған тұрғын үй қирап қалыпты. Ал, Үндістан тарапы болса, «біз тек тыныштық режимін бұзған Пәкістанға жауап қаттық», деп отыр.

Айта кетейік, басым бөлігін мұсылмандар мекендейтін Кашмир өңірі Үндістан мен Пәкістан арасындағы даулы аймақ саналады. Ағымдағы жылдың тамыз айында Үндістан үкіметі штатқа автономды мәртебе беретін Конституцияны мойындамайтынын мәлімдеді. Бұл Исламабад пен Дели арасындағы шиеленістің өрши түсуіне әкеп соқты.

Хабар 24 телеарнасы