418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Forbes ең табысты YouTube блогерлерінің тізімін жасады

  • 756
  • UPD: 16:52, 23.12.2019
<span class=favorites>Forbes ең табысты YouTube блогерлерінің тізімін жасады</span>

Forbes журналы YouTube желісіндегі ең табысты 10 блогердің тізімін жасады, деп хабарлады gordonua.com.

Рейтингтегі бірінші орында екінші жыл қатарынан сегіз жасар Райан Каджи тұр. Оның 2019 жылғы табысы $26 млн құрайды. Қазірдің өзінде оның YouTube арнасына 23 миллионға жуық адам жазылған. Сонымен қатар Каджи Walmart және Target сауда желілерімен, Nickelodeon тееларнасымен келісімшарттар жасасқан.

Екінші орынды Dude Perfect деген атпен танымал болған бес дос иеленді. Коби Коттон, Кори Коттон, Гаррет Хилберт, Коди Джонс және Тайлер Тони әртүрлі трюктер орындап, видео түрінде жариялайды. Олардың кірісі $20 млн құрайды.

Үздік үштікке бес жасар Анастасия Радзинская жайғасқан. Оның арнасына 42,7 миллион адам жазылған, табысы $18 млн құрайды. Радзинскийдің бейнелері жеті тілде жарияланады.

Төртінші орында Рэт МакЛауфин мен Линк Нил тұр. Олардың төрт YouTube арнасы бар, табысы $17,5 млн  құрайды.

Бет әрлеу бейнелерін түсіретін Джеффри Стар үздік 5-ке кіреді. Танымалдылығы оған өзінің косметикалық өнімдерін шығаруға мүмкіндік берді. Оның 2019 жылғы табысы $17 млн құрайды.

Алтыншы орынды пранкер Престон Арсмент алды, оның кірісі $14 млн құрайды.

102 млн оқырманы бар әлемдегі ең танымал видеоблогер PewDiePie (Феликс Чельберг) бұл рейтингте жетінші орынды иеленді.

Геймер Марк Фишбах (Markiplier)) ойындарды видеоға түсіріп қана қоймай, ойыншыларға арналған сәнді киімдердің жеке желісін шығарды. Оның табысы $13 млн құрайды.

Британдық Дэн Миддлтон (DanTDM) Minecraft және Fortnite ойындары туралы бейнелер түсіреді. Оның табысы – $12 млн.

VanossGamin деген атпен танымал Эван Фонг ондыққа кіреді. Оның табысы $11,5 млн құрайды.

Хабар 24 телеарнасы